Астана қаласы Білім басқармасы Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің сайтына қош келдіңіздер!

Жаңалықтар

Жеңістің 68 жылдығына  орай   «Патриот» айлығы  өткізілді

03.05.2013

        2013 жылғы 9 сәуір мен 9 мамыр аралығында «Патриот»  айлығы өткізілді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жақсыбеков Қайсар ұйымдастыруымен  мектебімізге қа

Мақалалар

ЛАТЫНҒА КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

16.03.2013

        Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле б

Оқиғалар тізбегі

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні

06.05.2013

        Қазақстанда 9 мамыр - Жеңіс күні деп аталып, мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мерек

Дарынды оқушылармен жұмыс

Мақсаты: Дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылықпен айналысуына

Дарынды балалармен жұмыс білім мекемелері мен мемлекет қолдауын қажет ететін, үнемі дамитын,үздіксіз процесс. «Дарынды балаларға арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету» туралы 1996 жылы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаевтың Жарлығы шықты.Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: пәндік олимпиадалар, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары, спорт ойындары.Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі.Мектебімізде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Мектеп базасында дарынды балалармен жұмыс істеудің формалары:

-үйірмелер, қосымша сабақтар,секциялар;

-білім саласы бойынша әр-түрлі конференциялар, олимпиадалар,турнирлер;

-оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін интеллектуалды ойындар ұйымдастыру;

-мұғалімдердің басқаруымен жеке және топтық жұмыстар;

-«Жазғы мектеп» жұмысы;

Дарынды балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың қалалық, республикалық, халықаралық ойындарға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұр, ол дарынды оқушылармен жүргізілетін «Жазғы мектеп» жұмысы.

Интеллектуалды сайыстарының да көрсеткіші жылдан жылға жоғарылағаны байқалады. Соңғы үш жылды салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, оқушыларымыздың 2010-2011 оқу жылында шет елдерге және республикамыздың басқа қалаларында өткен халықаралық рейтинг олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар 11-сынып оқушылары Кокушева М., Қазкенов Е.,Нурланова Ә.,Әлібай Т., Қоставлетова М.,Қорған А. 10- сынып оқушысы Сағатова Н, Тараз қаласында өткен «Жас ғалым-2011» халықаралық ғылыми жоба сайысында 10 оқушы жүлделі орындарға ие болып, 23 оқушымыздың жұмыстары жинаққа еңгізілді.2011-2012 оқу жылында шет елдерде өтетін халықаралық ғылыми жобаларды уақытша тоқтатуына байланысты 11 сыныптаң 2 оқушысы Аманжол Мақсат және Ахат Райымбек Байқоңыр қаласында өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жоба сайысында Грамотамен марапатталды. Алматы қаласында өткен халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы ғылыми жоба сайысында 11 сынып оқушысы Жакишева Айсұлу Сертификатқа ие болды.

Оқу жылы

Олимпиадалар

 

Жобалар

           Байқаулар

Аудан

дық

Қала

лық

Респуб

лика

Халық

аралық

Қала

лық

Респуб

лика

Халық

аралық

Қала

лық

Респуб

лика

Халық

ара

лық

2009-2010

18

11

1

-

9

5

5

26

1

1

2010-2011

20

11+

2грант

5+10

серти

фикат

2

14

5

15

37

2

2

2011-2012

20

14

1+1

грант

-

48

5

5

22

12

-

 

Әр жылы мектеп-лицейі оқушылары жазғы каникул кезінде Алматы қаласында өтетін республикалық «Жас астрономдар мен ғарышкерлер» слетына және Байқоңырдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, осы салада жүргізген ғылыми жобаларын қорғап, жүлделі орындарға ие болады. 2009-2010 оқу жылында 10-сынып оқушылары Әлібай Т. және Бірімжан А. Байқоңыр космодромында қазақ тілі пәні мұғалімі Букенова Г.А. бірге ғылыми конференцияға қатысып, жеңімпаз атанды. Маханова П. Сағатова Н. республикалық слетта жүлдегер болды. 2010-2011 оқу жылының демалысында тарих пәні мұғалімі Жатқанова Н.Ғ., 10-сынып оқушысы Алтынбек А., Жукижанов М. 8-сынып оқушысы Ғалы М.,Серікбай Е., Әліш Ә. жобаларын қорғап, жүлделі орынға ие болған.Осы оқу жылында 2 оқушы Алтынбек А., Кемешов Д.және физика пәнінің лаборанты Юспаева Раушанның баруы жоспарлануда. 2011-2012 оқу жылында республикалық «Жас астрономдар мен ғарышкерлер» слетында Алтынбек Алматин І орын және Талғат Мусабаевтың Дипломымен марапталды. 9 сынып оқушысы Ғалы Махмуд ІІ орынға ие болды. «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын дарынды оқушыларға арналған лагеріне мектебіміздің оқушылары белсене қатысуда, 2009-2010 оқу жылында 35 оқушы, 2010-2011 оқу жылында 4 оқушы, 2011-2012 оқу жылында  4 оқушы қатысты. 2011 жылы ҚР Премьер министрдің қатысуымен өткен республикалық «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» атты республикалық байқауда мектеп-лицейіміз І орынға ие болып, 14 компьютермен және Грамотамен марапатталды.Ерекше аталып өткен Ильясов Ш.Р. және оқушысы І орын алды. Қазақ қаржы және бизнес университеті ұйымдастырған алғашқы ғылыми жоба сайысына мектеп-лицейінен 28 оқушы қатысып, 28 орынға ие болды. Мектеп-лицей әкімшілігіне алғыс білдірді.

Дарынды балалармен жұмыстың формаларының бірі-мектеп базасында оқушылардың ғылыми қоғамы болып табылады.

Оқушылардың «Зерде» атты ғылыми қоғамы мектеп-лицейі ашылғаннан бері жұмыс істеуде.

Мақсаты- дарынды балаларды анықтау, оларды ғылыми-зерттеушілік әрекетке баулу. Мектеп-лицейіндеғі оқушылардың ғылыми қоғамы мектеп психологтарымен тікелей байланыста жұмысты жоспарлы түрде жүргізіп келеді. Оқушыларды ғылыми жоба сайыстарына дайындауда мектеп-лицей психологтарының рөлі өте үлкен, олар оқушыларға психологиялық бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп отырады.Президенті 10-сынып оқушысы Сағатова Назира, осы оқу жылында Францияда өткен «Фиджип евро талант» сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болды.

ОҚҒ-ның

аталуы

Жетекшісі

Секциялар

Секция жетекшілері

«Зерде»

Бөкенова Гаухар Асқанбекқызы

  1. 1.Физика, жер және космос
  2. 2.информатика, экономика, математика
  3. 3.химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, өлкетану
  4. 4. әдебиет, тілтану
  5. 5.тарих

Есманова С.С.

 

Асқарбекова Б.Д.

 

 

Молбасова Г.А.

 

 

 

 

Омарова М.С.

Баигоринова А.Т.

Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда мектеп-лицей мұғалімдері ЕҰУ- і, С.Сейфуллин атындағы Қаз АТУ мұғалімдерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді, мысалы, Қазақстан тарихы, құқықтану,география, орыс тілінен консультациялар алып, қосымша сабақтарына қатысса, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ғылым кандидаттары физика, химия факультеті мұғалімдері мектепке келіп факультатив сабақтарын жүргізеді сондықтан оқушылар практикалық сабақтарын аталмыш жоғары оқу орындарында өткізеді. Радиоспорт және радиоәуесқойлық сабағына 8-9 сынып оқушылары қатысып, оқушылардың қызығушылығы жоғары екендігі байқалды, мұғалім сабақтарда радионы құрастыруды үйретеді және оқушылар өздері басқа қалалармен, басқа елдермен радио маяк арқылы байланысады. 2009-2010 оқу жылынан бастап Қазақ технология және бизнес университетімен жүйелі жұмыс жүргізіліп, ғылыми конференцияда 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

 

Travel Turne Tranzito